Сообщество не верифицировано администрацией ВКонтакте
Видимость
открытое
Популярность:
У сообщества нет огня Прометея
Домен:
club128910547
Описание
«Аралбай» руы «Арғын-Қуандық-Мойын» ру-тайпасының бір негізгі тармағы болып саналады. Аралбай батырдың төрт әйелінен 11 ұл туған. Аралбай атасынан тоғыз әулет таралады. Үшінші баласы Тотыдан және бесінші ұлы Темірден ұрпақтар жоқ. Сондықтан осы еңбекте «Аралбай» руынан тараған тоғыз ата шежіресі қарастырылған, яғни «Құттыбай», «Жоламан», «Өмір», «Байтоқа», «Бәйтелі (Жәнекең)», «Сәңкібай (Шанаң)», «Жабағы (Танаң)», «Жабық (Бөпең)», «Ботақан-Барақ». Бізге жеткен аңыздар бойынша, кезінде батыр бабамыз жер қайысқан жылқыға өріс іздеп, көктемге қарай сонау қиырдағы Түменге, қар жауа қияндағы Ұлытауға бет түзеген. Сондай алыс сапарлардың бірінде 86 жасында (1686-1772; кейбір деректерде 1685-1778) Ұлытаудағы қыстағында көз жұмыпты. «Рухы осы жерде мәңгі дамыл тауыпты» - дейтін көнекөз, көкірегі ояу аталарымыз.